Меню KDT

Название страницы

Содержимое страницы







 «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы

 

 Қайта оралу Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында  «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасуда.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Ауданның білім беру ұйымдарында оқушыларға мектепке дайындыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көмекке мұқтаж балалардың деректер базасы құрылды. Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін «жедел желілер», «сенім» телефондарының жұмысы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілерді, әлеуметтік серіктестерді, мемлекеттік құрылымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Республикалық акция күнтізбелік жыл бойы жалғасатынын айта кеткен жөн.

Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетіндер білім беру бөліміне немесе тікелей тұрғылықты жері бойынша білім мекемесіне хабарласа алады.



Ғабит Мүсірепов атындағы

білім бөлімінің бас маманы                        А.А.Сарсекеева

Опрос

Статистика

  • Осы айда41
  • Осы аптада5
  • Кеше2
  • Бүгін1
  • Желіде:0

Полезные ссылки