Меню KDT

 Алтын бесік шағын орталығының консультациялық пункті

2024-2025 оқу жылы


Күзгі іс-шаралар «Пески орта мектебі» КММ жанындағы «Алтын бесік» шағын орталығында және мектепалды сыныбында өтті. Тәрбиеленушілер ән айтып, жапырақтармен би билеп, ойындарға қатысты. Барлық балалар көптеген жағымды әсерлер мен қуанышқа бөленді.
#Біртұтас_тәрбие




17.10.24 ж. тәрбиеші И.В Лих ата-аналарға арналған “Үйде қандай дамытушылық ойындар ойнауға болады” ақпараттық стенд рәсімдеді." Мақсаты: балалары шағын орталыққа бармайтын ата - аналарға консультациялық көмек көрсету.


31 қазан күні ата-аналарға арналған «Ата-ана рөлі және тәрбиелеу тәсілдері» тақырыбында вебинар өтті. Оның мақсаты – ата-аналарға баланың өміріндегі өз рөлдерін жақсырақ түсінуге және тәрбиелеудің қолайлы тәсілін таңдауға көмектесу болды. Вебинарда тәрбиелеудің әртүрлі стильдері және олардың балалардың психикалық және эмоционалдық дамуына әсері қарастырылды. Қатысушылар өздерінің мінез-құлқы мен тәрбиелеу тәсілдерінің баланың тұлғасын қалыптастыруға және отбасындағы қарым-қатынастарға қалай әсер ететінін білді. Нәтижесінде ата-аналар балалармен байланысты нығайтуға және үйлесімді отбасылық атмосфераны құруға арналған пайдалы ұсыныстар мен практикалық кеңестер алды.


24 қазан күні “Алтын бесік” шағын орталығының тәрбиеленушілері мен “Пески орта мектебі” КММ мектепалды даярлық сынып оқушыларымен “Біздің Отанымыз – Қазақстан” атты квест-ойыны өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға және Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға ықпал ету.
Балалар әртүрлі бекеттерден өтіп, сұрақтарға жауап берді, өлеңдер оқыды, пазлдар құрастырды, ұлттық ойындар ойнады және суреттер салды.


17 қазанда "Пески орта мектебі" КММ-де "Әжелер мектебі" бірлестігінің жоспарына сәйкес "Әжемнің бәліштері мен тоқаштары" нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер көрмесі ұйымдастырылды Бұл көрменің мақсаты: балаларды мәдени және тарихи дәстүрлермен таныстыру, олардың бірі - нанға деген сүйіспеншілік пен құрмет, балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекетіне жағдай жасау, отбасылық дәстүрлерді қалыптастыру. Ұн өнімдерінің әртүрлілігін көрсету. Көрмеде әжелер мен немеелерінің нан өнімдері:бауырсақ, бәліштер,тоқаштар,кекстер,құймақ өнімдері көрсетілді. Нанға деген сүйіспеншілік пен құрмет балаларға мектепке дейінгі ұйымда да, үйде де бала кезден үйретілуі керек.




Мектепке дейінгі ұйымда
КММ ,, Пески орта мектебі жанынан "Әкелер мектебі","Аналар мектебі","Әжелер мектебі" бірлестіктері құрылды."Бірлестіктің алғашқы іс-шарасы қызықты әрі танымды өтті.
"Әкелер мектебі”- "Әкеммен кітапханаға" экскурсия.
Іс-шараның мақсаты: кітап оқу,отбасылық қарым-қатынас мәртебесін арттыру және балалардың ой-өрісін кеңейту арқылы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.


2024 жылдың 3 қазан күні "Алтын бесік" шағын орталығының тәрбиешісі Б.М. Нурмуканова консультатциялық пункт ата-аналарымен, "2 жасында бала не істей алуы керек"тақырыбында әңгіме өткізді. Іс-шараның мақсаты: ата-аналарды 2 жастағы балалардың жас ерекшеліктері туралы хабардар ету және баланың дағдыларын қолдау және дамыту бойынша жадынамалар ұсыну.

26 қыркүйек кеңес беру пунктінің жоспарына сәйкес, шағын орталық медбикесі Н. Г. Шостик ата-аналардың чатына "Гигиена, күн тәртібі және тамақтану - баланың қалыпты физикалық дамуының негізі" тақырыбында ақпарат жіберілді.


16 қыркүйекте психолог Даулетова Г.М және «Пески орта мектебі» КММ жанындағы «Алтын бесік» шағын орталығының тәрбиешілері ZOOM платформасында «Отбасы клубы» кеңес беру орталығының ата-аналарымен онлайн кездесу ұйымдастырды. Кездесуде Медведева В. және Оразаева Н.О ата- аналарына “Көз жассыз шағын орталыққа» балаларды бейімдеу мәселесі бойынша кеңес берілді.


Жазғы кезеңде «Алтын бесік» шағын орталығының «Отбасылық клуб» кеңес беру орталығы өз жұмысын тоқтатқан жоқ.
Ата-аналармен әңгіме жүргізілді, «Шағын орталыққа бару неліктен маңызды?» деген жадынамалар таратылды. Тамыз айында «Баланы шағын орталыққа қалай тіркеуге болады?» тақырыбында кеңес ұйымдастырылды.
Indigo арқылы тіркелу бойынша ұсыныстар топтық чатқа жіберілді Консультациялық орталық жұмысының нәтижесінде 6 бала қабылданды.


Опрос

Статистика

  • Осы айда57
  • Осы аптада21
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки